Қапшағай карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады

Санитарлық-курорттық нысандардың, демалыс үйлерінің, демалыс орындарының жұмысы 25 шілдеден 2 тамызға дейін тоқтатылсын. Демалыс орталығына кіреберіс жерде мобильді бекеттер орнатылсын», — делінген Алматы облысы санитар дәрігерінің міндетін атқарушысының қаулысында.

22 шілдеде Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабылатыны хабарланған еді.

Сонымен бірге карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парктерге, танымал туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) кіруге тыйым салынған.