Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 75 мыңнан асты

21 шілденің қорытындысы бойынша коронавирус Алматыда (241), Шығыс Қазақстан облысында (238) және Нұр-Сұлтанда (213) ең көп тіркелді.

Өңірлер бойынша коронавирус жұқтырғандар статистикасы (жалпы және бір күнде):

Алматыда — 9 635(+241);
Атырау облысында — 9 392(+109);
Нұр-Сұлтанда — 8 832(+213);
Қарағанды облысында — 7 401(+175);
Батыс Қазақстан облысында — 4 932(+87);
Шымкентте — 4 518(+38);
Шығыс Қазақстан облысында — 4 488(+238);
Алматы облысында — 3 733(+54);
Жамбыл облысында — 2 999(+42);
Ақтөбе облысында — 2 803(+50);
Павлодар облысында — 2 515(+68);
Түркістан облысында — 2 513(+16);
Қызылорда облысында -2 464(+115);
Маңғыстау облысында — 2 397(+49);
Солтүстік Қазақстан облысында — 2 352(+82);
Ақмола облысында — 2 108(+54);
Қостанай облысында — 2 07 (+54).

Бір тәулікте коронавирустан 1 414 адам айығып шықты.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 75 153-ке жетті. Аурудан жазылғандардың жалпы саны — 46 790, қайтыс болғандар — 585.

Айта кетейік, кеше, 21 шілдеде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан 610 адам қайтыс болғанын айтты. Алайда бұл мәлімет коронавирус статистикасына ресми енбеді. Өйткені қайтыс болғандар саны аптасына бір рет беріліп жүр.