Оның айтуынша, халық енді пандемияның Қазақстандағы ахуалы туралы шынайы мәлімет алады.
Ковид пневмониясы мен бактериал пневмония бар. Оның шыққан тегін анықтап бере алатын арнайы тест барын білеміз. Бірақ біздің елде ол жоқ. Денсаулық сақтау министрі бүгін жариялаған шара — өте дұрыс. Біз осылайша Қазақстандағы эпидемия ахуалы туралы шынайы мәлімет алатын болдық, — деді Рахым Ошақбаев.
Экономистің айтуынша, елдегі ахуалдың қандай екеніне қарамастан жалған мәлімет бермеу керек.
Айналып келіп пневмония жағдайы көп болып шықты да, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 66 мың ғана болып қалды. Шынайы ахуал қаншалықты үрейлі болса да, мәліметті дұрыс беру керек. Себебі жалған мәлімет халыққа қисапсыз қиындық әкеледі. Артынша қоғам пандемия ахуалына шынайы баға бере алмайды. Сол себепті коронавирус пен пневмония бойынша статистиканы біріктіруге қатысты Алексей Цойдың мәлімдемесін қолдаймын, — деді Рахым Ошақбаев.
Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мұндай өзгеріс 1 тамыздан басталатынын айтты.
