Президент дәрі-дәрмектерді қымбаттатқандар жауапқа тартылатынын айтты

Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажет дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады, — деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.