Коронавируспен күрес: Алексей Цой Президентке не ұсынды?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус инфекциясымен күресудің жолдарын ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Алексей Цойдың айтуынша, Үкімет коронавирустың жаппай тарауының алдын алған.

Енді Денсаулық сақтау министрі COVID-19 инфекциясының одан әрі тарауына жол бермеу үшін енгізілетін 10 шара туралы айтты:

— амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеудің қарапайым және түсінікті нұсқаулығын дайындау;

— дәрі-дәрмектерді жеткізу және сатып алу процедурасын жеделдету, отандық өндірушілерді ынталандыру;

— COVID-19 диагностикасында цифрлық рентген аппараттарын компьютер томографиясымен бірге қолдану арқылы қолжетімді ету;

— сынақ зертханаларының мүмкіндіктерін кеңейту, коронавирусты анықтайтын тестіні уақытында жеткізу;

— шақырту кезінде мобиль топтардың сынақ қоршауларын ұйымдастыру;

— науқастарға үйінде ең қауіпсіз медициналық көмек беру;

— амбулаторлық деңгейде қашықтан кеңес беру;

— ауруханаларды жасанды тыныс беру аппаратымен жабдықтау;

— жерлеу тәртібін өзгерту;

— азаматтарға эпидемиологиялық ескертуді арттыру.