Базарлар, ойын-сауық объектілері, сауда орталықтары, сауда үйлері мен фитнес орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Базарлар жұмысын 2020 жылдың 29 маусымында (дүйсенбіде) қайта жалғастыра алады.
Осы демалыста қоғамдық көліктер де өз қызметін тоқтады.
Қоғамдық тамақтану объектілерінің тек ашық ауадағы нысандары санитария талаптарын сақтай отырып, жұмыс істейді.
Азаматтарға қала бойынша қозғалысты шектеу ұсынылды. Тәуекел тобына кіретін адамдар, әсіресе егде адамдар үйден шықпағаны жөн.
Полиция қызметкерлері адам көп жиналатын орындарда патрульдейді. Эпидемияға қарсы шараларды бұзған азаматтар жеке жауапкершілікке тартылады.