Биыл оңтүстіктен солтүстікке 631 отбасы көшті

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, министр халыққа есеп беру кездесуінде ішкі көші-қон мәселесіне тоқталды.

2019 жылы 2,5 мың отбасы, 9,5 мың адам оңтүстіктен солтүстікке көшті. Адамдар көбіне жұмыс, балабақша, мектептен орын болған кезде көшеді. Ол үшін субсидиялар қарастырылған. Көшкен кезде әрбір отбасы мүшесіне 97 мың теңге беріледі. Сонымен қатар үйді бір жылға жалға алуға ай сайын 41 мың теңгеден 83 мың теңгеге дейн төленетін субсидия бар, — деді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, 2019 жылы осы мақсатқа 140 миллион теңге субсидия төленген.

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, 2020 жылы адамдар солтүстікке көбіне Түркістан, Алматы облыстарынан көшкен.

Осы жылдың 5 айында 631 отбасы солтүстікке көшті. Барлығы — 2200 адам. Негізгі қабылдаушы өңірлер — Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. Адамдар Түркістан облысы мен Алматы облысынан көшіп жатыр, — деді ведомство басшысы.

Осыған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі дағдарыста әлеуметтік төлем көлемі қысқармайтынын айтқан еді.