Архимед Мұхамбетов жұмысты қашықтан істеуге көшті.
Барлық сақтық шарасын сақтағаныма қарамастан COVID-19-ға жасатқан сараптамам оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты оқшауланамын және жұмысымды қашықтан жалғастырамын, — деп жазды ол.
Қостанай облысының әкімі тұрғындарды барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға үндеді.
Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға, зор жауапкершілікпен қарауға үндеймін. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз, — деп жазды Қостанай облысының әкімі.
Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин және басқа да саяси қызметкерлер инфекция жұқтырды.