24.kg-тің хабарлауынша, Алмазбек Атамбаев сотта соңғы сөзін айтудан бас тартты. Сот отырысында прокурорлар оған 15 жыл жаза беруді сұраған.
Судья Эмильбек Қайыпов бұдан аз мерзім беру туралы үкім шығарды.
«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, Алмазбек Атамбаевтың мүлкімен бірге мемлекеттік наградалары да тәркіленеді.
Қылмыс әлемінің беделдісі Азиз Батукаев Бішкек маңындағы түрмеде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін 2006 жылы 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған. Бунт кезінде төрт адам қайтыс болды. Алмазбек Атамбаев елді басқарып тұрған 2013 жылы Азиз Батукаев қатерлі ісігіне байланысты дәрігерлер комиссиясының шешімімен түрмеден босатылып, елден кетіп қалды. 2017 жылы билікке Сооронбай Жээнбеков келгеннен кейін Алмазбек Атамбаевқа осы іс бойынша «ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесі үшін сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырды» деген айып тағылды. Алмазбек Атамбаев бұрынғы Президент мәртебесінен айырылды. Ол мұны «саяси жала» деп мәлімдеді.
Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуы туралы іс былтыр қаңтарда қайта жанданды. Қазанда сотқа жіберілді. Іс бойынша дәрігерлер мен жоғары лауазымды шенеуніктері бар 19 адам жауапқа тартылды. Сот қылмыс мерзімінің өтуіне байланысты көбін жазадан құтқарды.
Алмазбек Атамбаевты ұстау кезінде 50-ге жуық адам зардап шекті