Мониторинг кезінде сатып алу бағасын асыра көтергендер анықталған. 2020 жыл басынан бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті барлық бюджет бағдарламасы әкімшілеріне жоспарланған бағаларды қайта қарау туралы 43 ұсыным хат жіберді.
Райымбек ауданының білім бөлімі бір дана кітап сатып алуға 46 миллион 321 мың 429 теңге бөлген еді, департаменттің ұсыныс хаты ескеріліп, кітап бағасы 1850 тенгеге дейін төмендетілді. Нәтижесінде 18 миллион 571 мың 429 теңге үнемделді.
Департаменттің ұсыныс хаттары негізінде Алматы облысының денсаулық сақтау мекемелерінде үнемделген қаражат — 286 миллион 137 мың 726 теңге. Бұл туралы департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев айтты.
Мемлекеттік сатып алу мониторингі нәтижесінде Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасында 126 миллион теңге, Алматы облыстық медициналық-әлеуметтік оңалту және психотерапия орталығында 69 миллион теңге үнемделді, — деді Жандос Жұмабаев.
Бұл фактілер мемлекеттік сатып алуды жоспарлауда бағаның жоғары екенін көрсетеді. Бұлай жоспарлау бюджет қаражатын мақсатсыз, тиімсіз пайдалануға әкелуі мүмкін.
Департамент мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.