Тестілеудің алғашқы күні 161 пункттің 51-і ғана жұмыс істейді, оның 44-і ауылдарда. Орташа есеппен бір пунктке 120 адамнан келеді.
21 маусым мен 5 шілде аралығында тест тапсыратын лектердің жалпы саны — 15. ҰБТ өткізілетін әрбір пунктте дезинфекция тоннелінен өту, аяқкиімді арнайы дезинфекцияланған кілемшемен залалсыздандыру, дене қызуын өлшеу, қолды дезинфекция ерітіндісімен өңдеу, медицина маскасын тағу сияқты медицина-санитария шаралары күшейтіледі, — деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Тест кезінде аудитория 50% қана толуы керек. ҰБТ тапсырушылар бір-бірінен 2 метр алшақ отырады.
Биыл тестілеуден өтушілерге алғаш рет калькулятор пайдалануға рұқсат беріледі. Сынақ уақыты 4 сағатқа дейін ұзартылды.