Басты бетЖаңалықтарСәрсенбіде бірнеше...

Сәрсенбіде бірнеше өңірде бұршақ жаууы мүмкін

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 17 маусымда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтанда жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, Қарағанды облысында дауыл тұрады.

Алматы, Түркістан, Павлодар, Жамбыл, Қостанай облыстарында да жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады, қатты ыстық болады.

Атырау облысында да қатты ыстық болады.

Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.