Өңірлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтанда жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысында дауыл тұрады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні кей жерде секундына 23 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысында да жел екпіні кей жерде секундына 23 метрге дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Түркістан, Маңғыстау облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады, Түркістан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады.

Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.