Қаржы пирамидасы 2019 жылдың қазанынан бері қызмет еткен. Оның өкілдері азаматтарды қымбат мүлік сатып алу үшін 180 мың теңге көлемінде алғашқы жарна төлеп, ай сайын 50 мыңнан төлем жасауға үгіттеген. Жарнаның 100 мың теңгесі шотқа, қалғаны арнайы құрылған серіктестікке аударылып отырған.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметінде міндетті жарна төлеу, қосылған әр адамға бонус беру, ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде жаппай жарнамалау, көп адамнан бір шотқа қаржы аудару сияқты қаржы пирамидасына тән барлық белгі бар. Қаржы пирамидасына жалпы сомасы 3,9 миллиард теңгеден астам ақша салынған, — деп хабарлады комитет мамандары.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Кінәлілер Қылмыстық кодекстің «Қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және басқару» (217-бап) бабы бойынша жауапқа тартылады.