Шымкентте қаржы пирамидасының жаңа құрбандары анықталды

Polisia.kz-тің хабарлауынша, ол жергілікті 300-ге жуық тұрғынның 500 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырған.

Мұның алдында «ESTATE Ломбард» серіктестігі филиалының директоры ұсталған. Қазір осы екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Шымкенттің полиция департаменті алаяқтықпен айналысқан серіктестіктерден зардап шеккендерден жақын жердегі полиция бөлімдеріне хабарласуды немесе «102» нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 21 ақпаннан бері елімізде қаржы пирамидасы бойынша 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды. «Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард» серіктестіктері мен «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредит ұйымдары азаматтарды 5 миллиард теңгеден астам шығынға ұшыратқан. Бүгінге дейін Алматы, Атырау, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Орал, Өскемен және Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды. Бас прокуратураның 25 ақпандағы мәліметінше, ломбардтардың заңсыз әрекетіне қатысты 6 мыңнан астам азамат шағымданған. Күмәнді ұйымдардың бір менеджері мен филиалдарының 12 директоры жауапкершілікке тартылып жатыр.