Ол Мемлекет басшысына дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы, 2020 жылдың соңына дейін экономика өсімін қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспардың орындалуы және 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының әзірлену барысы туралы да баяндады.
Асқар Маминнің мәліметінше, пандемия кезінде дүниежүзінде іскерлік белсенділіктің бірден төмендеуіне байланысты биылғы қаңтар мен мамыр аралығында ұлттық экономиканың өсу қарқыны былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 1,7% төмендеді. Дегенмен тау-кен, өңдеу, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларында және негізгі капиталға инвестиция тартуда оң қарқын байқалады.
Премьер-министр барлық өңірде көктемгі егіс жұмысы толық аяқталғанын және халықты еңбекпен қамтудың кешенді шаралары бойынша биыл 1,22 миллион азаматқа жұмыс берілетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысына экология туризмін дамыту жөнінде және басқа да бірнеше тапсырма берді.
Бірінші жартыжылдықтағы даму қорытындысын талқылап, дағдарыс салдарын еңсеру міндетін анықтау үшін Президент биылғы шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізуді жоспарлап отыр, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.