Себебі бейбіт жиналыс өткізуге қатысты заң бойынша тиісті орындарды анықтау және басқа да жұмыс аяқталған жоқ.
6 маусымнан бастап «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа заң қолданысқа енгізіледі. Заңда жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған. Ұйымдастырушы оларды өткізу күніне дейін 5 жұмыс күні бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама береді, ол 3 жұмыс күні ішінде оны қаралуға тиіс. Бұл мерзім аяқталған соң жауап болмаса, ұйымдастырушы бейбіт жиналысты өткізе береді. Демонстрациялар мен шерулер үшін келісім тәртібі белгіленген. Өтініш шара өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күні бұрын беріледі, ол бойынша жергілікті атқарушы орган 7 жұмыс күн ішінде жауап беруге міндетті. Осы уақыт ішінде ұйымдастырушы мен жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды қауіпсіз өткізу, оларға қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасайды. Бейбіт жиналыстар арнайы орындарда өткізілуі керек. Қазір жергілікті өкілетті органдар осындай орындарды, демонстрациялар мен шерулер маршрутын, оларға қатысты материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекарасын айқындаумен айналысып жатыр. Бейбіт жиналыстар осы рәсім аяқталғаннан кейін ұйымдастырылуы және өткізілуі мүмкін, — деді Болат Дембаев.
Бас прокурордың орынбасары Денсаулық сақтау министрлігі карантин кезеңінде елде бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде митингілерді өткізуге тыйым салғанын айтты. Бұл талап ескерілмесе, әкімшілік және қылмыстық жауап көзделген.
Дегенмен жекелеген тұлғалар ел азаматтарын 2020 жылғы 6 маусымда жаппай митингілерге шығуға үндеп жатыр. Жаңадан белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу заңсыз және бұған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауап қарастырылған (тіпті 15 тәулікке қамауға алуға дейін). Егер бұл әрекет азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқығы мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіре отырып істелсе, қылмыстық жауап туындайды. Осыған байланысты азаматтарды арандатушылық жасамауға және заңсыз жария акцияларға қатысудан бас тартуға, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу кезінде жаңа заңның ережелерін мүлтіксіз сақтауға үндейміз, — дейді Бас прокуратура өкілі.