Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның үш облысында карантин күшейеді

Қазақстанның үш облысында карантин күшейеді

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңірлерде қарантинді жеңілдеткеннен кейін коронавирус жұқтырғандар саны көбейгенін айтты.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитария-эпидемиология талаптарының орындалуын бақылауды күшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын қатайту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Өңір әкімдіктері санитария-эпидемиология талаптарының орындалуын қатаң бақылауға тиіс. Талапты орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін сол кемшіліктерді жойғанша уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды, — деді Ералы Тоғжанов.

Бұған дейін Алматыда карантин күшеюі мүмкін екені хабарланған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да