Қайғылы оқиғалар Нұр-Сұлтанда және Қарағанды, Атырау облыстарында тіркелді.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Қарағанды облысында 1964 жылы туған ер адам, Атырау облысында 1951 және 1964 жылғы екі ер адам, Нұр-Сұлтанда 1951 жылы туған әйел адам қайтыс болды.

Адам өлімін зерттеу жөніндегі комиссия коронавирус жұқтырған бұл адамдардың осы инфекциядан қайтыс болғанын растады.

Қазақстанда барлығы 48 адамның өліміне коронавирус себеп болып отыр. Қайғылы жағдайлар Алматыда (10), Шымкентте (9) және Нұр-Сұлтанда (8) ең көп тіркелді.