Фрилансерлер үшін зейнетақы жарнасы азайтылады

Мәжіліс депутаттары ипотекалық займды шетел валютасымен беру және төлем қызметтері нарығы субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы нормаларын мақұлдады.

Бұл заң жобасы шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін экономика өсімін қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыруға бағытталған түзетулер енгізілді. Бұл нормалар Қазақстан заңнамасы өзгерген кезде инвестиция туралы келісімдер шеңберінде ірі жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға тұрақтылық жөнінен кепілдік беруді көздейді. Коммерциялық емес кредит ұсыну сияқты микроқаржы қызметін іске асыратын ұйымдарды лицензиялауды енгізуді, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қызметін жетілдіруді, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша түскен табыстан аударылатын, яғни фрилансерлерден алынатын міндетті зейнетақы жарнасы мөлшерін 10-нан 5%-ке дейін азайтуды қарастырады, — деді Сергей Симонов Мәжілістің жалпы отырысында.

Ол түзету енгізілуіне байланысты заң жобасының атауы екінші оқылымға дейін өзгеретінін айтты. Бұл заң жобасының қабылдануы мемлекет қаржысын талап етпейді. Заңнамада қаржы ұйымдарына басқа валютадағы ипотека займдарын азаматтардың қатысуынсыз конвертациялауға мүмкіндік беретін және бір аноним электрон әмияннан екіншісіне қаржы аударуға тыйым салатын нормалар да бар.