Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша экономикада еңбекпен қамтылғандардың саны 8,8 миллион адам болды. Наурыз-сәуірде карантин шаралары енгізілуіне байланысты Қазақстанның 4,2 миллион азаматы уақытша жұмыссыз қалды, — деді министр.
Оның мәліметінше, 2020 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды.
20 сәуірден бастап карантин шаралары босаңсып, еңбекпен қамтуды қалпына келтіруге ықпал етті. Экономиканы жандандыру үшін Үкімет халықты жұмыспен қамтуға көңіл бөле отырып қолға алған шаралар осы жылдың шілдесінен бастап еңбек нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп есептейміз. Жылдың соңында жұмыссыздық деңгейі 6,1% болуы мүмкін. Биыл біз 1 миллион 220 мың адамға жұмыс береміз, мүмкіндік бар. Жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік бағдарламалар сияқты бар потенциалды қолданамыз, — Біржан Нұрымбетов.
Министр мемлекеттік бағдарламалар арқылы 225 мың жұмыс орны ашылатынын айтты.
Бүгінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 6,5 мың жобаны бастадық, 5300-і басталды, 130 мың жұмыс орны ашылды. Жұмысқа орналасқандардың 35%-і — жас. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» экономикалық эффект беріп отырғанын айтқым келеді, — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ведомствосының басшысы.