Алматы облысында 3352 жұмыс орны құрылды

Бағдарлама шеңберінде 977 жоба жүзеге аспақ. Бұл ретте қазынадан 109,2 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Игілікті істің шарапаты жұмыссыз азаматтарға тиеді. Өйткені алдағы уақытта 1,8 мың тұрақты жұмыс орны ашылса, 10,5 мың адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылады.

Қазіргі уақытта өңірде 20 мобайл рекруттық пункттер құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі таңда 294 жоба бойынша 3352 жұмыс орны құрылды. Ал, 1676 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде 137 жоба бойынша 410 адам жұмысқа тартылды,- Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Тоқтарқызы.

Алматы облысы бойынша 5 бірдей орта білім ордасы құрылысшы мамандығына жастарды баулыйды. Сол жастардың қатарынан 205 бітіруіш түлекті Жұмыспен қамту жол картасы аясында құрылыс жұмыстарын жүргізу және қайта жаңарту жұмыстарына жұмылдыру жоспарланған.

Бағдарлама 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Әлеуметтік-мәдени саладағы 137 нысанға құрылыс күрделі, ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.

115 инженерлік — көліктік инфрақұрылым объектілерінде жолдарды, тротуарларды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының 17 нысаны бойынша сумен жабдықтау жүйесі, электрмен жабдықтау желілері нысандарын күрделі жөндеу, қайта жаңарту және салу жұмыстары жалғасын тауып отыр.

25 жоба бойынша елді мекендерді абаттандыру ісі жүріп жатыр.