Бұл туралы «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлады.
2-5 маусым күндері күндіз Жамбыл облысында 40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Таразда 2-5 маусымда күндіз температура 38 градусқа дейін көтеріледі, — деп хабарлады синоптиктер.
«Қазгидромет» мәліметінше, 2 маусымда Түркістан облысының батысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі. Түркістанда термометр 40 градус ыстықты көрсетпек.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда маусым айындағы ауа райы қандай болатынын болжаған еді.