Басты бетЖаңалықтарШымкентте 75-тегі...

Шымкентте 75-тегі пациенттің өліміне коронавирус себеп болды

COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, пациенттердің өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия бұл әйелдің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешім шығарды.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан барлығы 38 адам қайтыс болып отыр: Алматыда 10, Шымкентте жеті, Нұр-Сұлтанда алты, Ақмола облысында төрт, Қарағанды облысында үш, Қостанай Павлодар облыстарында екі, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстарында бір-бір адамнан қайтыс болды.

Бүгінге дейін елімізде 10 382 адам коронавирус жұқтырды. Аурудан 5 220 адам айықты.