Нұр-Сұлтанда коронавирустан екі адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан тағы екі науқас көз жұмды.

Олар — 1958 туған әйел адам және 1977 жылы туған ер адам. Қазіргі кезде Қазақстанда вирустан қайтыс болғандар саны 34-ке жетті.

14 мамырда сағат 23.59-дағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясы анықталған адамдардың жалпы саны 5 689 болды. Коронавирустан 2 531 науқас айықты.