Сол уақытта қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы қауым өкілдері түрмелер мен лагерьлерде өмірін өткізсе, 600 мың қазақ туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ал 1,5 миллионнан астам қазақтың өмірін ашаршылық қиды.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бастап атап өтіле бастады. Осыған орай Алматы облысында Елбасының тапсырмасы бойынша 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Талғар ауданының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі ашылды.

Жаңалық ауылында репрессия жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған 4 мыңнан астам азамат жерленген. Алғашында бұл жерге ескерткіш орнатылса, кейін мемориал кешенде ауқымды жұмыстар басталған. Қаза тапқандардың бейіті музейден 100 метр қашықтықта орналасқан.

Музей алаңы — 635 шаршы метр. Музей құрылысына жергілікті бюджеттен 260,3 миллион теңге бөлінді. Экспозициясы үш залдан тұрады: «1916 жылдан 1986 жылға дейінгі Қазақстандағы қуғын-сүргін тарихы», «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Реквием», «Әділет «тарихи-ағарту қоғамы және оның қызметі».

Бірінші және екінші залдарда экспонаттар 1930-1950 жылдардағы қуғын-сүргін, аштық, террор, депортация туралы баяндайды. Залда Алматы облысы бойынша тұтқындалған, қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған адамдардың істерінің көшірмелері қойылған. Сонымен қатар қара мәрмәрдің стеласында қазақтардың, татарлардың, ұйғырлардың, орыстардың, еврейлердің, атылған және Жаналық ауылында жерленген қазақтардың 4125 аты-жөні, олардың жеке заттары қойылған.

Үшінші залда «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының қызметі туралы баяндалады.

Қазіргі уақытта музейдің ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Анестің «Алаш және тәуелсіздік мұраты» атты онлайн сұхбаты және дәрістер, «Қаһармандар» қоғамдық қорының өкілі, өлкетанушы Бекарыстан Мырзабайдың қатысуымен «Алаш ардақтылары» тақырыбында тікелей эфир өтеді. Осындай сұхбаттар тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов пен жазушы Бейбіт Қойшыбаевпен өтті. Сонымен қатар музейде Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин құрбандарына арналған «Үш арыс» және «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты виртуал экскурсия өтеді.

Карантинге байланысты Алматы облысында 86 естелік шара өтеді.

Биыл саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне арналған шаралар онлайн форматта өтіп жатыр. Біз үшін және ұрпағымыз үшін өткенді есте сақтау, тарихи мұраны білу, оған ұқыпты қарау және жер бетіндегі бейбітшілік пен келісімді сақтау маңызды, — деді Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.

Текелі моноқаласында «Тарих — ғасырлар куәсі» атты ақпараттық көрме, «Тарих пен тағдырдағы іздер» атты әдеби кеш, 31 Мамырда «Халықтың қатігез драмасы» атты онлайн концерт өтеді. Панфилов ауданында 18 мамырдан бастап жазықсыз сотталғандар мен өлтірілген адамдарды еске алуға арналған видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар суреттердің көрмесіне онлайн шолу жүргізіледі. Жаркенттің кіреберісінде барлық санитар норманы ескере отырып, гүл қою рәсімі өтеді. Көксу ауданында «Зұлмат жылдар зардабы» атты онлайн кітап көрмесі, деректі фильмдер, инсториялық, ақпараттық сағаттар, «Жазықсыз жапа шеккендер» театрландырылған қойылымы және тағы басқалары болады.

Осындай онлайн кездесулер, әңгімелер, дәрістер мен онлайн сағаттар Жетісу өңірінің барлық ауданы мен қаласында өтеді.