Дағдарысты еңсеруге бөлінген бюджет қаржысы қалай бақыланады?

Наталья Годунованың айтуынша, қаржы шығынын бақылау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте Қаржы министрлігімен бірге мемлекеттік сатып алулар мен камералық бақылау тексеріледі. Екінші кезеңде 17 өңірде бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне ревизия жасалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласына, жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалауды жалғастыруды және тексеріс нәтижелері туралы тұрақты есеп беруді тапсырды.

Мемлекет басшысы 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жайындағы қорытынды есеппен де танысты. Есеп комитеті биыл бірінші рет бюджеттің жиынтықталған қаржылық есебі бойынша аудит жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма берді.