Оқушылардың IT Stars-2020 халықаралық онлайн байқауы басталды

Алматыда IT Stars-2020 халықаралық онлайн байқауы басталды. Оған 1-11 класс аралығындағы 250-ден астам оқушы қатысып жатыр. Оның 131-і — Қазақстан оқушылары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау карантин кезінде оқушыларға IT саласы бойынша білімін кеңейтуге мүмкіндік береді.

4 мемлекет оқушыларын біріктіріп, сайыстың онлайн түрде өтуі — ІТ технологияның қарқынды дамып жатқанының дәлелі. Меніңше, бұл байқау оқушыларға үлкен мотивация береді. Болашақта осындай форматта көп конкурс өтетініне сенемін, — деді Ресейдегі «Линтех» интеллектуал технология зертханасының бас директоры Юрий Аурениус.

Оқушылар байқауға ақпараттық технология, медиа, компьютер ойындары мен бағдарламалары сияқты бағыттар бойынша қатысады.