Қызылордада облыстық онлайн жыр мүшайрасы жарияланды

2020 жылғы 29 мамыр күні Қызылорданың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Белкөл кенті әкімідігіне қарасты «Белкөл кентінің клубы» МКҚК-ң бірігіп ұйымдастыруымен онлайн облыстық жыр мүшәйрасын жариялайды.

Мүшәйраның талаптары мен шарттары

1. Облыстық мүшәйраға 14 жастан 20 жасқа дейінгі Қызылорда облысында тұрғылықты тұратын барлық өнерлі жас қатыса алады.
2. Қатысушы талапкер Абай Құнанбайұлына арнау (уақыты -3 минут) жазып, өзінің оқыған сәтін видеоға түсіріп, видеосын +7 771 340 39 64 нөмірі бойынша WhatsApp желісіне жіберуі керек.
3. Қатысушылардың видеолары Faсеbook және Instagram желісінде жарияланып отырады және қорытынды 29 мамыр күні сағат 16.00-де әлеуметтік желіде жарияланады.

Мүшәйра жеңімпаздарын ұйымдастыру алқасы бекіткен қазылар алқасы бағалайды. Жүлделі орындар — І орын және II орын – біреу, III орын – үшеу. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталады.