1 маусымнан бастап жолаушылар пойызының жұмысы кезең-кезеңімен жанданады. Билет сатылымы басталған алғашқы күнде 23 мың билет өткен.
15 мамырдан бастап теміржол билеттері барлық сатылым каналына – билет кассаларына, интернет-ресурстар мен автоматтарға шығарылды. Республика бойынша 179 билет кассасы күндіз жұмысқа шықты. Олардың жұмыс кестесін ресми сайттарынан көруге болады, – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маркетинг және сатылым департаментінің директоры Алмас Айтбаев.
Қауіпсіздік мақсатында азаматтарға билетті онлайн сатып алу ұсынылған.
Сағат 14:00-де республика бойынша 23 мың билет сатылды. Пойыз билеттері Атыраудан басқа барлық өңірге сатылып жатыр. Өйткені Атырауда карантин шаралары жеңілдеген жоқ. Төтенше жағдайға дейін билет сатумен айналысқан 14 сайттың барлығы жұмыс істеп тұр. Тариф саясаты да өзгеріссіз қалды, – деді ол.