Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның көп...

Қазақстанның көп өңірінде 3 күн бойы салқын болады

Қазақстанның көп бөлігінде күн суиды.

Фронтал таралымдардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауады, кей жерде жаңбыр күшті болады, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі мезгілде термометр бағаны нөлден төмен түседі, — деп хабарлады «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі.

Дегенмен 7 мамырда күн қайта жылиды. Синоптиктердің болжамына қарағанда оңтүстік тропосфера ағыны республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауына себеп болады.