Олардың мәліметінше, 2-8 мамыр аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі Мәскеу аудандары циклонының ықпалында болады. Осыған байланысты найзағай ойнап, екпінді жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте дауыл тұрады, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерде қатты жаңбыр жауады.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында өзендердің деңгейі көтеріліп, сай-жыраны қуалай ағуы мүмкін.
Бұл кезеңнің ортасында Қазақстанға Жаңа Жер аралынан суық антициклон келеді. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы түнде нөлден төмендейді. 8 мамырға қарай оңтүстіктен жылы ауа массасы тарап, температура жоғарылайды.
Қазақстанның көп облысында көктемгі тасқын аяқталды. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында ғана мамырдың бірінші онкүндігіне дейін жалғасады. Ақмола облысында да тасқын кезеңі бітті, Нұра мен Есіл ғана ылдиға қарай ағатын судың толқынынан арнасынан ауытқиды.
Еске салайық, 1 мамырда жауын-шашын мен күшті жел салдарынан Өзбекстандағы Сардоба суқоймасы бөгетті жара тасып, елді мекендерді басып қалды.