7,5 мың шетел азаматы Қазақстанда емделді

Үкімет басшысының айтуынша, Тәуелсіздік жылдары елімізде мемлекет қаражатынан 1 мың 300-ден астам денсаулық сақтау нысандары іске қосылды. Жылдың соңына дейін тағы 350-ге жуық емxаналар мен амбулаторияларды салу жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасы бойынша барлық облыстарда қазір кардиоxирургиялық бөлімдер желісі ашылды. Астанада медициналық кластер іске қосылды. Елімізде жүрекке, миға бұрын болмаған операциялар жасау қолға алынып отыр. Осының нәтижесінде елімізге шетелден көптеген науқастар емделуге келіп жатыр. Осы соңғы 8 айдың ішінде 7,5 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстанда емделген екен»,-деді Бақытжан Сағынтаев.

ДереккөзҚазАқпарат