Басты бетЖаңалықтарДемалыс күндері...

Демалыс күндері Қазақстанда ауа температурасы төмендейді

Синоптиктердің болжамы бойынша еліміздің көп өңірінде жаңбыр жауады, кей жерде жаңбыр толассыз жауады, солтүстікте жаңбыр қарға ұласады.

Кей жерде найзағай ойнайды, тұман түседі, дауыл тұрады, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік өңірлерге циклонның артынан суық антициклон келеді, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының түнде нөлден төмендеуіне себеп болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Алдағы күндері Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарының 2 500 метр биіктігінде қар көшуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде оңтүстік-батыстан екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 5 градус аязға дейін төмендейді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей жерде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус ызғар болады.

Батыс Қазақстан облысында да оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Түркістан облысында және Шымкентте күн күркірейді, дауыл тұрады, солтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.