Басты бетЖаңалықтарАлматыда коронавирусты...

Алматыда коронавирусты қай жастағы адамдар көп жұқтырған?

Жандарбек Бекшиннің мәліметінше, Алматыда вирус жұқтырғандардың жас шамасы мынадай:

14 жасқа дейінгілер — 21 адам;

15-19 жас аралығындағылар — 43 адам;

20-29 жас аралығындағылар — 212 адам;

30-39 жас аралығындағылар — 129 адам;

40-49 жас аралығындағылар — 116 адам;

50-59 жас аралығындағылар — 115 адам;

60 жастан асқандар — 42 адам.

Науқастардың әлеуметтік мәртебесі:

Студенттер — 40;

Мектеп оқушылары — 15;

Басқа елден келгендер — 38;

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары — 67;

Авиация қызметкерлері — 2;

Зейнеткерлер — 40,

Жұмыс істемейтін адамдар — 55,

Жұмыс істейтін адамдар — 42,

Медицина қызметкерлері — 383.

Коронавирус жұқтырғандармен 12 420 адам байланыста болған, оның 2 247-сі жақын қарым-қатынас жасаған. 10 мыңнан астамы — қатынаста болуы ықтимал адамдар.

Стационардағы 14 күн карантинге 1 388 адам оқшауланды, үйдегі карантинде 7500-ге жуық адам жатыр.

Алматыда бүгінге дейін коронавирус жұқтырған 693 адам анықталғаны белгілі, оның 88-і жазылып шықты, бесеуі қайтыс болды. Ауру жұқтырғандардың жартысынан көбі — медицина қызметкері.