Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2000-нан асты

Түннен бері коронавирус жұқтырған тағы 30 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда сегіз, Алматыда екі, Қостанай облысында жеті, Маңғыстау облысында екі, Павлодар облысында үш, Жамбыл облысында алты, Батыс Қазақстан облысында екі адам.

Елімізде анықталған жағдайлардың жалпы саны 2 025 болды. Коронавирус жұқтырғандар республика бойынша Алматыда ең көп тіркеліп отыр: Алматы — 680, Нұр-Сұлтан — 401, Қызылорда облысы — 151, Шымкент — 103, Қарағанды облысы — 101, Ақмола облысы — 83, Атырау облысы — 82, Жамбыл облысы — 76, Батыс Қазақстан облысы — 72, Түркістан облысы — 66, Алматы облысы — 55, Павлодар облысы — 37, Қостанай облысы — 34, Солтүстік Қазақстан облысы — 30, Ақтөбе облысы — 27, Маңғыстау облысы — 16, Шығыс Қазақстан облысы — 11. 

Жұқпалы аурудан 489 адам айықты. Бұл жөнінен Нұр-Сұлтан республика бойынша алды. Астана дәрігерлері 205 науқасты инфекциядан құтқарды.

Коронавирустан 19 адам қайтыс болды. Қайғылы оқиғалар Алматыда көп тіркелді — 5 жағдай.

Дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 миллион 559 мың 749 адам тіркелген. Оның 76 238-і өткен тәулікте есепке алынды. Коронавирустан 177 746 адам қайтыс болды. Қайғылы жағдайлардың 6 338-і өткен тәулікте болды. Аурудан 692 786 адам жазылды, 21 сәуірде 42 687 адам ауруханадан шыққан.