Мамандар апта жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы жоғарылайды деп отыр.

Қара теңізден Қазақстан аумағына біртіндеп антициклон жылжи бастайды. Осыған байланысты ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы кейбір облыста теріс мәнге дейін төмендейді, күндіз көктемгі жылы күн ауаны 15-26 градусқа дейін қыздырады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Республиканың кей жерінде тұман түседі, жел күшейеді. Есіл суының көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында тасқын қаупі бар. Үлкен және Кіші Алматы шатқалында қар көшуі мүмкін. Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді, Қостанай облысында тұман түседі, жел күшейеді, Қызылорда облысында күн күркірейді, жел күшейеді.