Қайтыс болған әйелдің коронавирус жұқтырғаны 16 наурызда анықталған. Ол бұған дейін ауырған науқастармен байланыс жасаған.
Ол өкпенің созылмалы обструктив ауруы, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, жүректің ишемия ауруы, стенокардия, күретамыр гипертензиясы сияқты басқа аурулары болғанына байланысты 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан полиорган жеткіліксіздіктен — тынысалу, жүрек-қан тамырлары органдары қызметінің бұзылуына байланысты жағдайы прогрессив нашарлады. 9 сәуірде сағат 23.20-да пациенттің қанайналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимация шаралары сәтсіз болып, сағат 23.50-де оның «биологиялық қайтыс болғаны» анықталды, — деді Тілеухан Әбілдаев.
Марқұмның негізгі диагноздары — «коронавирус инфекциясы, расталған жағдай, екіжақты полисегмент пневмония, ауыр ағымы, екіжақты плеврит, өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы».
Алматыда науқастардың бірі қайтыс болғаны бұған дейін хабарланған еді. Марқұм 1956 жылы туған.
Қазақстанда коронавирустан тоғызыншы адам көз жұмды.