Бұл материалда коронавирус инфекциясы анықталғандарға қатысты шұғыл мәлімет жарияланып отырады.

22.30-дағы мәлімет:

Жамбыл облысында бір адам, Нұр-Сұлтанда екі адам және Атырау облысында бір адам коронавирус жұқтырған болып шықты.

Қазақстанда барлығы 812 жағдай белгілі болды.

Өңірлердегі тіркелген жағдайлар саны: Нұр-Сұлтан – 228, Алматы – 123, Қызылорда облысы – 105, Ақмола облысы – 61, Қарағанды облысы – 61, Атырау облысы – 48, Жамбыл облысы – 46, Түркістан облысы – 35, Шымкент – 31, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Маңғыстау облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 6, Павлодар облысы – 4, Қостанай облысы – 3

20.15-тегі мәлімет:

Алматыдан тағы да қайғылы хабар жетті – коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды. Қазақстан бойынша вирус құрбандарының жалпы саны 10 болды.

Сонымен бірге коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адам тіркелді: Алматыда бір, Павлодар облысында бір, Қызылорда облысында бір, Атырау облысында екі, Түркістан облысында бір.

Сөйтіп елімізде анықталған жағдайлар саны 808-ге жетті. Инфекция жұқтырғандар қатары Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қызылорда облысында көбейіп тұр.

Аурудан айыққандар – 64 адам.

Өңірлердегі тіркелген жағдайлар саны:

Нұр-Сұлтан – 226,

Алматы – 123,

Қызылорда облысы – 105,

Ақмола облысы – 61,

Қарағанды облысы – 61,

Атырау облысы – 47,

Жамбыл облысы – 45,

Түркістан облысы – 35,

Шымкент – 31,

Солтүстік Қазақстан облысы – 25,

Ақтөбе облысы – 11,

Алматы облысы – 10,

Маңғыстау облысы – 9,

Шығыс Қазақстан облысы – 6,

Батыс Қазақстан облысы – 6,

Павлодар облысы – 4,

Қостанай облысы – 3.

19.35-тегі мәлімет:

Нұр-Сұлтанда науқастардың бірі ауруханадан шықты. Қазақстанда коронавирус инфекциясынан барлығы 64 адам айығып отыр.

Елімізде коронавирус жұқтырғандарға қатысты тіркелген жағдайлардың жалпы саны – 802. Инфекциядан 9 адам қайтыс болды.

14.25-тегі мәлімет:

Алматыда коронавирус жұқтырған екі науқас айығып, ауруханадан шықты. Аурудан жазылғандар саны еліміз бойынша 63-ке жетті.

13.00-дегі мәлімет:

Алматы облысында бір науқас ауруханадан шықты. Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың саны 61-ге жетті.

09.00-дегі мәлімет:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 21 адам анықталды: Нұр-Сұлтанда бір, Шымкентте төрт, Батыс Қазақстан облысында екі, Маңғыстау облысында екі, Атырау облысында үш, Қызылорда облысында төрт, Ақмола облысында бір, Қарағанды облысында төрт адам.

Қазақстанда коронавирус бойынша барлығы 802 жағдай тіркеліп отыр.

Қайғылы хабар – Алматыда коронавирустан бір адам қайтыс болды. Осымен тоғызыншы науқас көз жұмып отыр. Аурудан 60 адам айықты.

Өңірлердегі тіркелген жағдайлар саны:

Нұр-Сұлтан – 226,

Алматы – 122,

Қызылорда облысы – 104,

Ақмола облысы – 61,

Қарағанды облысы – 61,

Жамбыл облысы – 45,

Атырау облысы – 45,

Түркістан облысы – 34,

Шымкент – 31,

Солтүстік Қазақстан облысы – 25,

Ақтөбе облысы – 11,

Алматы облысы – 10,

Маңғыстау облысы – 9,

Шығыс Қазақстан облысы – 6,

Батыс Қазақстан облысы – 6,

Қостанай облысы – 3,

Павлодар облысы – 3. 

9 сәуірдегі ахуал:

Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша анықталған жағдайлардың жалпы саны 781-ге жетті: Нұр-Сұлтан – 225, Алматы – 122, Қызылорда облысы – 100, Ақмола облысы – 60, Қарағанды облысы – 57, Жамбыл облысы – 45, Атырау облысы – 42, Түркістан облысы – 34, Шымкент – 27, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Маңғыстау облысы – 7, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 4, Қостанай облысы – 3, Павлодар облысы – 3. 

Коронавирустан 60 адам айықты: Нұр-Сұлтанда 30, Алматыда 26, Ақтөбе облысында бір, Солтүстік Қазақстан облысында бір, Жамбыл облысында бір, Павлодар облысында бір адам.

Қатерлі инфекциядан сегіз адам қайтыс болды: Ақмола облысында үш адам, Нұр-Сұлтанда бір, Шымкентте бір, Қарағанды облысында бір, Түркістан облысында бір және Павлодар облысында бір адам.