Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем мөлшері өзгермейді

Салық кодексінің 775-бабы бойынша бірыңғай жиынтық төлем қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне қарай белгіленеді.

Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері қалалар үшін бір айлық есептік мөлшеріне тең, биылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш көлемі 2 778 теңге болды, бірақ бірыңғай жиынтық мөлшері айлық есептік көрсеткіштің биылғы 1 қаңтардағы деңгейінде, яғни 2 651 теңге болып қала береді. Бұл төлем ауылдар үшін 0,5 айлық есептік көрсеткішке тең болуы керек еді, енді ол да айлық есептік көрсеткіштің бұрынғы мөлшерінің жартысы деңгейінде, яғни 1 325 теңге болады.

Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем 2019 жылдан бастап енгізілді, ол жұмыспен қамтылғандар қызметін тіркеуді оңайлатты. Төлемнің бұл түрі жеке табыс салығы, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына аударылатын қаражат, зейнетақы жарнасы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аударымы сияқты төрт міндетті төлемді біріктіреді. Оны бизнеспен жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз айналысатын жеке тұлғалар төлеуге тиіс.

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі зейнетақы мөлшері артатыны бұған дейін хабарланған еді.