1. Беклан Бекетай, 6 жаста

Бекланның айтуынша, қазір вирустар біз тұратын Жер шарына шабуыл жасап жатыр, соның салдарынан планетамыз ауырып тұр.

балалар

2. Кәусар Қарабай, 5-класс оқушысы

Кәусардың пікірінше, дүниежүзі коронавирусқа оранып тұр. Қатерлі вирусты тек Қазақстанның емес, барлық елдің халқы жұқтырып жатыр. Адамзат өміріне жойқын қауіп төнді…

балалар

3. Аружан Медетқызы, 6-класс оқушысы

Коронавирус пайда болмай тұрғанда Жер жүзі неткен керемет еді. Мына кесапат келді де, ғаламның сәнін кетірді. Аружан планетамыздың пандемияға дейінгі және қазіргі жағдайын салыстыратын сурет салыпты. Дегенмен автор — оптимист, ол адам баласы коронавирустан жеңілмейді деп есептейді.

балалар

4. Кәусар Бейбіт, 2-класс оқушысы

Кәусар Бейбіт вирустан қашып жүрген адамдарды бейнелеген. Оның айтуынша, коронавирус — аса қауіпті құбыжық.

балалар

5. Бегалы Ахметов, 3-класс оқушысы

Қазір әр отбасы үшін аса маңызды міндет — карантин режимін сақтап, коронавирус инфекциясының жұғуына мұрша бермеу. 3-класс оқушысы ел азаматтарын отбасының әр мүшесін сақтауға үндейді. Бетперде — аурудан қорғайтын басты құралдардың бірі.

балалар

6. Балым Мұсабек, 3-класс оқушысы

Балалар пандемия кезінде вирустан мейлінше қорғану қажет екенін түсініп отыр. Балым Мұсабектің шығармасында аурудан сақтанудың негізгі амалдарының бірі — қолды жиі сабындап жуу бейнеленген.

балалар

7. Раушан Бейбіт, 8-класс оқушысы

Әрине, коронавирустан қорғануға антисептиктің де көмегі орасан. Раушан туындысына антисептиктің кез келген жұқпалы ауру қоздырғышын өлтіретін қасиетін тақырып еткен. Оны көргенде басында тәжі бар озбыр вирус та қашып бара жатыр…

балалар
Раушан Бейбіт. 8-класс оқушысы

8. Мирас Сейітжапарұлы, 3-класс-оқушысы

Мирас мұғалімі мен ата-анасы айтқан қолды 20 секунд жуу ережесін суреттепті. Автордың пікірінше, қолын сабынмен жуып жүрген адам ауырмайды, оған коронавирус та жоламайды.

балалар
Мирас Сейітжапарұлы. 3-класс оқушысы

9. Асылбек Нұрланұлы, 6-класс оқушысы

Өте қауіпті індет туралы ой Асылбектің де қолына бояу құралдарын алуына түрткі болды. Ол қолды сабынмен жуу, антисептикпен сүрту, ең бастысы — үйден ешқайда шықпау қағидасы жөнінде көркем нұсқаулық жасады.

балалар
Асылбек Нұрланұлы. 6-класс оқушысы

10. Әйгерім Садықова, 10-класс оқушысы

Жаһанды жайлаған пандемия кезінде науқастар тағдыры дәрігерлердің ғана қолында. Әйгерім ай бойы ауруханада түнеген, өмірін қауіпке тіккен, адам жанына араша түскен медицина қызметкері образын бейнеледі.

балалар

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!