Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда коронавирустан...

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны бесеуге жетті

Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды, — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мұның алдында 4 сәуірде Түркістан облысында науқастардың бірі қайтыс болған еді. Ол — Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны.

Елімізде коронавирус құрбандары бес адам болды. Бұған дейін бір-бір қайғылы оқиға Нұр-СұлтандаАқмола облысында және Қарағанды облысында тіркелді. Қазіргі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны анықталғандардың саны 525-rе жетті.