Ертең, 31 наурызда Солтүстік-батыс циклоны мен оның атмосфера таралымдары әуелі Қазақстанның батысындағы, кейінгі күндері шығысқа қарай жылжып, елдің басқа өңірлеріндегі ауа райына да ықпал етеді. Бұл кезеңде республиканың оңтүстігі Оңтүстік циклонының ықпалында болады.
Соған байланысты елімізде жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр толассыз жауады, күн күркірейді, Қазақстанның солтүстік-батысында толассыз жаңбыр түнгі мезгілде жауады, — деп хабарлады «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі.
Алдағы 3 күн ішінде республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.