Қазақстанда қанша адам коронавирустан айықты?

28 наурызда Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар ауруханасынан 12 пациент шығарылды. Қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, олар стационарда 16-17 наурыз аралығында емделген.

Жазылғандардың бәрі коронавирус инфекциясын анықтау мен емдеудің клиникалық хаттамасы бойынша толық емделген. Емнен кейін анализі араға 24 сағат салып екі мәрте тексерілген. Ауру анықталмаған бұл адамдар енді 14 күн бойы үйде дәрігерлердің бақылауында болады.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда үш адам коронавирустан жазылғаны хабарланған еді. Бір адам қайтыс болды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 204-ке жетті