Басты бетҚоғамҚазақстандағы COVID-19:...

Қазақстандағы COVID-19: тағы 8 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адам Нұр-Сұлтанда, екі адам Ақмола облысында тіркелді.

Сонымен Нұр-Сұлтан бойынша 75 адам, Алматыда 50 адам, Қарағандыда 4, Шымкентте 2 адам, Ақмола облысында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Жамбыл облысында 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам, Атырау облысында 3 адам, Павлодар облысында 1 адам және Маңғыстау облысында 1 науқас бар. Барлығы 145 адам коронавирус жұқтырды. Оның үшеуі жазылып, бір адам қайтыс болды.

Осыған дейін екі науқастың Алматыда тіркелгені туралы хабарланған еді.