Елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай қала әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топтар тәулік бойы тиісті нұсқаулыққа сәйкес қауіпсіздік шараларын жан-жақты жүргізіп жатыр.
Қала әкімі, жедел штаб төрағасы Нұрлыбек Нәлібаев мобильдік топ мүшелеріне қала аумағындағы қауіпсіздік шараларды одан әрі күшейтуді тапсырды. Қала дәріханаларында бетперде мен залалсыздандыру құралдарының тапшылығын болдырмауды, азық-түлік және халық күнделікті көп тұтынатын тауарлардың бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеуді, нұсқаулыққа сәйкес қаладағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Нұрлыбек Нәлібаев бұған дейін қаладағы адам көп шоғырланатын нысандарды аралап, тиісті құзырлы органдар мен сала басшыларына, нысандардың иелеріне қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсыра отырып, оның орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын айтты.