Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы ірі нысандарды тексерді

Бүгін Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы адам көп шоғырланатын бірқатар нысанды аралап, тұрғындарға елдегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шараларды түсіндірді.

Ең бірінші Халыққа қызмет көрсету орталығынан бастап, «Қазпоштаны», сауда орталықтарын және емхананы тексерді. Онда қойылған талаптардың орындалуы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Нұрлыбек Нәлібаев
Фото: Қызылорда әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұрғындар Нұрлыбек Нәлібаевтан өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.