Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы тоғыз адам Нұр-Сұлтанда тіркелді.
26 наурыз күнгі 12.20 сағаттағы Қазақстанда вирус жұқтырған науқастардың жалпы саны 97-ге жетті.
Нұр-Сұлтан бойынша вирус жұқтырған 55 адам, Алматыда 34 адам, Қарағандыда екі, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте екі адам, Жамбыл облысында бір адам және Солтүстік Қазақстан облысында бір адам бар.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жеткені хабарланған еді.