Басты бетҚоғамҚызылорда облысында...

Қызылорда облысында цифрлық сауатты арттыру жұмысы жүйелі орындалып жатыр

Қызылорда облысының әкімдігі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы, Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында бірқатар жұмыс атқарып келеді. Осы тұрғыда бекітілген желілік кестеге сәйкес электрон қызметтерді алу бойынша халықты оқыту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Аудандық әкімдік, спорт, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерінің қызметкерлері және көлік жүргізушілеріне онлайн режиміндегі қызметтерді пайдалану жолдары айтылды.

Сонымен қатар электрон үкіметтің ЕGov-mobile мобайл қосымшасы, «Үшінші тұлғалар сервисі» мен Telegram-бот көмегі арқылы түрлі анықтама алу жолдары көрсетілді.

Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бақылауындағы Digital agent мобайл қосымшасы арқылы қызмет берушілердің жұмыс сапасын бағалау мүмкіндіктері түсіндірілді.