Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 7 наурыз бен 25 наурыз аралығында дүниежүзінде вирустың таралуына қатысты ақпарат жариялады.

7 наурызда Қытайды қоспағанда дүниежүзі елдерінде індеттің 3 997 жаңа дерегі тіркеліп, 78 адам қайтыс болса, 25 наурызда 49 490 жаңа дерек анықталып, аурудан 2 382 науқас қайтыс болған.

Диаграмма: Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті баспасөз қызметі

25 наурызда дүниежүзінде жалпы коронавирустың 49 557 жаңа дерегі, Еуропада 29 400 жаңа дерек тіркелген.

Диаграмма: Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті баспасөз қызметі

Қытайда 25 наурызда 365 науқас аурудан жазылып шыққан, тағы 67 адамнан індет анықталып, алты адам аурудан қайтыс болған.

Диаграмма: Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті баспасөз қызметі

Италияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап өсіп келеді. 7 наурызда вирустың 5 883 жаңа дерегі тіркелсе, 25 наурызда тағы 74 381 адамнан инфекция анықталған.

Диаграмма: Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті баспасөз қызметі

Ресейде осы уақытқа дейінгі ең көп жаңа дерек 25 наурызда тіркелді, вирус жұқтырғандардың саны — 163. Қазақстанда 17 наурызда ең көп жаңа дерек анықталған еді, олардың саны — 21.

Айта кетейік, 26 наурыз күнгі 08.25 сағаттағы Қазақстанда вирус жұқтырған науқастардың жалпы саны 88 болды.